Делиде 17 адам өрт құрбанына айналды

Бұл мәліметті Үндістан полициясы таратқан. Видеода адамдардың 4-қабаттан секіріп жатқаны көрінеді. Өрт сейсенбі күні таңғы уақытта болған. Билік өкілдері 35 адам құтқарылғанын мәлім етті. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Қонақүй Карол-Ба деп аталатын орталық ауданда орналасқан. Ол жер туристерді базарларымен, сауда сататын көшелерімен және арзан бағалы қонақүйлерімен тартады. БАҚ таратқан ақпаратқа сай, ажал құшқандардың көбі адамдардың бір-бірін жаншып-таптауынан өлген. Қазіргі сәтте оқиға неден болғаны анықталып жатыр.