Делиде қонақүйде шыққан өрт салдарынан 17 адам ажал құшты

Өрт 12 ақпан күні таң сәріде болған.
Видеода адамдардың төртінші қабаттан секіріп жатқанын көруге болады. Билік өкілдері 35 адам құтқарылғанын мәлімдеді. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен.
Қонақүй Карол-Ба орталық ауданда орналасқан. Ол жер туристерді базарларымен, сауда сататын көшелерімен және арзан бағалы қонақүйлерімен тартады.
БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес ажал құшқандардың көбі адамдардың бір-бірін жаншып-таптауынан өлген.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.