Америкада торнадо дауылы тұрып, бір адам мерт болды
АҚШ-тың Мичиган штатында жойқын торнадо ойран салды. Бір адам мерт болып, тағы 40-қа жуық тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қатты жел салдарынан ағаштар сынып, электр желілері үзілген. Қазір жүздеген отбасы жарықсыз отыр. Гейлорд қаласында ондаған үй мен ғимараттың тас талқаны шықты. Аймақ губернаторы өңірде Төтенше жағдай жариялап, жергілікті тұрғындарды аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға шақырды. Себебі синоптиктер дауыл қайта соғады деп болжауда.
Аяна Тоғанбек