Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды

Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды

Мамыр айының соңында Қырғызстан мен Өзбекстанның кей облыстарында қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстан асуларында қар жауып жатыр, жол тайғақ. Ведомство өкілдері автокөлік жүргізушілеріне Бішкек-Ош-Тоо-Ашуу, Ала-Бел, Көк-Бел, сондай-ақ Талас-Тараз-Суусамыр және басқа автожолдардың учаскелерінде қар жауып жатқанын ескертті.

«Бішкек-Ош-Тоо-Ашуу, Ала-Бел, Көк-Бел, сондай-ақ Отмок автожолдарының биік асудан өтетін тұстарында, Талас-Тараз-Суусамыр және басқа да тасжолдарда қар жауып жатыр, тиісінше қар үйіндісі пайда болды», делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің жол пайдалану мекемесі қызметкерлері жолдардың жоғарыда аталған учаскелеріне тайып кетуден қорғайтын инертті материалдарды сеуіп жатыр.

«Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жасанды кептеліс тудырмас үшін жүргізушілерге қысқы дөңгелегі бар көліктермен асуларға шықпауға кеңес береміз. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында автожолдардағы тиісті жылдамдық режимін сақтау қажет», деп атап өтті ведомство.

Сондай-ақ 21-22 мамырда Өзбекстанда түндегі ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қашқадария мен Жыззақ облыстарының бірқатар таулы аймақтарында қар жауды. Атап айтқанда, Қашқадария облысының Дехканабад және Китаб аудандарының таулары мен Джизах облысының Заамин ауданында қар жауған.
23 мамыр 2022 ж. 1 209 0