Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Армения алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды

Армения алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды

Армения Жерге жақын орбитаға «SpaceX» кемесімен алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, Арменияның «Геокосмос» және испандық «Satlantis» компаниясының ынтымақтастығы арқасында «SpaceX» кемесі арқылы Жерге жақын орбитаға өздерінің бірінші ғарыш серігі ұшырылды.

Саясаткер спутникке қатысты барлық шешімдер жасырын қабылданғанын, сондықтан жұртшылық алдын ала ештеңе білмегенін атап өтті.

Спутниктен түсірілген суреттер шекаралық бақылау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қоршаған ортаны қорғау үшін пайдаланылады.

Ол сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін Арменияда спутниктік басқару орталығы құрылып, оның айналасында мамандар тобы жиналатынын мәлімдеді.
27 мамыр 2022 ж. 562 0