ДДСҰ әлем халқын бетперде тағу режиміне оралуға шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.
Оның айтуынша, коронавирустың Omicron штамының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болуда. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.
baq.kz