Рим Папасы отставкаға кетеді

85 жастағы Франциск тізесін жарақаттап алып, қозғалысы қиындаған. Осыған байланысты егер денсаулығы шіркеуді басқаруға кедергі келтірсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты.
"Менің ойымша, осынша жасымда және осындай денсаулықпен шіркеуге қызмет ете алу үшін өзімді күтуім керек немесе орнымды босату туралы шешім қабылдауым керек", - деді журналистерге Католик шіркеуінің басшысы.
Ол кетер алдында әлі де баруға уәде еткен елдерге: Оңтүстік Суданға, Конго Демократиялық Республикасына, Ливанға және Қазақстанға барғысы келетінін айтты.
"Менің ерік-жігерім бар, бірақ аяғым қалай болатынын бақылауым керек",- деді Рим Папасы.
massaget.kz