Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде маймыл шешегі өршіп барады

Әлемде маймыл шешегі өршіп барады

Маймыл шешегінен Перуде алғаш рет жергілікті тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, 45 жастағы ер адам осыған дейін иммун тапшылығына шалдығып, ем алып жүрген екен.

Үндістан астанасы Нью-Делиде де 22 жастағы тұрғын маймыл шешегінен қайтыс болды. Ол жақында ғана Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген екен. Билік марқұммен байланыста болған 20-дан астам адамды оқшаулады. Бұған дейін аталған вирустан Испания мен Бразилия тұрғындары жан тапсырған болатын. Әлемде маймыл шешегін жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр. Қазіргі сәтке дейін науқастар саны 5 мыңнан асты. Ауруға байланысты төтенше жағдай жарияланған Сан-Франциско қаласында вакциналау орталығында жүздеген адам ұзынсонар кезекте тұр.

Бізге өткен жұмада 4 мыңға жуық жаңа екпе әкелінді. Бірақ бұл партия осы аптаның аяғына дейін таусылатын шығар. Ал жоғарыдан берілген нұсқауға сәйкес, қала бойынша 40 мыңдай тұрғын вакцина салдыруы тиіс, - дейді аурухананың бас дәрігері Люкджон Дэй.
02 тамыз 2022 ж. 596 0