Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таиландта туристер үшін шектеулер жеңілдейді

Таиландта туристер үшін шектеулер жеңілдейді

Таиланд билігі қазанның 1-інен бастап туристер үшін барлық коронавирустық шектеулерді жеңілдетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Шілде айынан бері елге келген меймандар үшін ThailandPass онлайн платформасында тіркелу міндетті емес еді. Күні бүгінге дейін шетел азаматтары вакцинаны растайтын құжат арқылы ғана кіре алатын. Енді саяхатшылар үшін өзге де талаптар алынып тасталады. Ал бетпердені тағу немесе тақпау шешімі туристің өз қалауында қала бермек.

baq.kz
11 қыркүйек 2022 ж. 492 0