Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Польша Ресеймен арадағы шекарасын жапты

Польша Ресеймен арадағы шекарасын жапты

26 қыркүйекте Польшаның әуе және теңіздегі шекара бекеттерінде Ресей азаматтарының елге кіруіне шектеу қою туралы бұйрық күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz oxu.az сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін жаяу жүргіншілер мен автомобильдерді өткізу бекеттерінде де осындай шаралар енгізілген болатын.

19 қыркүйекте Эстония, Латвия, Литва және Польша Ресей азаматтарының елге кіруіне тыйым салғаны хабарланған болатын.

Шешім 19 қыркүйек, дүйсенбі күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Балтық елдері мен Польшаға кіруге ЕО-ның басқа елдері берген «Шенген» визасы бар ресейліктерге де тыйым салынады.

Бұған дейін Еуропалық ішкі істер комиссары Йлва Йоханссон қазір ресейліктердің қолында миллионға жуық «Шенген» визасы бар екенін, оны қайта қарауға болатынын айтты.
26 қыркүйек 2022 ж. 557 0