Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нидерланд туристер үшін қайта ашылды

Нидерланд туристер үшін қайта ашылды

Нидерланд үкіметі елге кірушілерге COVID-19 бойынша барлық шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Нидерланд үкіметі 2022 жылдың 17 қыркүйегінен бастап елге кіруге салынған тыйымды алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Нидерландтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, үкімет Нидерландқа кіру үшін ЕО-ға кіруге салынған тыйым бұдан былай жарамды емес деп санайды», - делінген ел үкіметінің хабарламасында.

Еуропалық комиссия 2022 жылдың күзінде Еуропалық Одаққа (ЕО) кіру ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жариялауды жоспарлап отыр.

Үкіметтің шешімі 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап COVID-19-ға байланысты ешқандай шектеу немесе талап Нидерландқа, оның ішінде ЕО/Шенген аймағына кірмейтін елдерден келген саяхатшыларға қолданылмайды дегенді білдіреді.

nform.kz

23 қыркүйек 2022 ж. 363 0