Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 615,7 миллионнан асты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сай, 4 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны тәулігіне 171 391-ге өсіп, 615 777 700-ге жетті. Аурудан қайтыс болғандардың жалпы саны 662-ге өсіп, 6 527 192 адамды құрады.