Қытай Күн құпияларын ашу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды

Күнді зерттеуге арналған жаңа спутник Бейжің уақытымен сағат 07:43-те Long March-2D «Чанчжэн-2G» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды және белгіленген орбитаға сәтті шықты.
Ғарышта орналастыруға арналған аталған обсерватория негізінен Күн жарқырауы, короналды масса шығарындылары және Күннің магнит өрісі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу үшін, сондай-ақ ғарыштағы ауа райын болжауға қажетті деректерді алу үшін пайдаланылады.
Бұл ұшырылым «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштар үшін 442-ұшырылым болды.