Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лондонда «Бөрте» пьесасының тұсаукесері өтті

Лондонда «Бөрте» пьесасының тұсаукесері өтті

Дулат Исабековтің Шыңғыс ханның жары Бөртеге арналған шығармасы бойынша Австралия, Ұлыбритания және АҚШ-та қойылым көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Еуразия шығармашылық гильдиясының (Лондон) қолдауымен «Borte, Empress of the World» спектаклінің халықаралық тұсаукесері өтті. Спектакль осы жылдың желтоқсан айында Мельбурн қаласында (Австралия) өтеді деп жоспарланған. Ал келесі жылы ұйымдастырушылар бұл спектакльмен труппаның Ұлыбритания мен АҚШ-та гастрольдік сапарын жоспарлап отыр.

Даңқты тұлға Шыңғыс ханның өмірінде үлкен рөл атқарған дана әйел Бөрте туралы қойылымда оның қиын өмірі мен ұлы жаулаушының тағдырындағы шешуші рөлі баяндалады.
23 қазан 2022 ж. 485 0