Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Абылай ханның 310 жылдығына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
КонференцияАбылай ханның елі үшін еткен жарқын істерін зерделеп, рухани бай мұраларын қоғамға таныту, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды көздейді.Сонымен қатар конференцияда үш жүздің басын қосқан алып тұлғаның өмірі, ХVIII ғасырда хан тұсында ұстанған саясаты, қазақ халқына сіңірген еңбегі, ұрпақтары жайлы тың мағлұматтар айтылды. 
Оқылған баяндамаларда ұлы ханның өмірі мен қызметіне шолу жасалды. Ұлы ханның есімін өскелең ұрпақ жастар арасында насихаттай беру үшін және есімін ұлықтау бойынша қандай іс-әрекеттер жасалу керектігі сөз болды.
Шараға ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Кәрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидады З.Тайшыбай сынды тұлғалар қатысты.
Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Ахметбек Мүкарамұлы:
XVIII ғасырда Абылай хан қазақ халқының елдігі мен еркіндігін қорғау жолында Жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген соғыста ерен ерліктер көрсеткен қазақтың атақты ханы. Бұл конференцияның Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде болып жатқаны өте орынды. Бұл тарихи тұлғаның Сыр бойына қатысы бар. Хан Абылайды 1771 жылы Ресей патшайымы Екатерина II Орта жүздің ханы етіп сайлайды. Шындығында Абылай хан Ресейге де, Қытайға да бағынбай, тәуелсіз ел болуды аңсаған. XVIII ғасырда дербестік сақтап, ешкімге бағынбаған ханның бірі.
Университеттің медиа орталығы
Бөлім басшысы  Бакбергенова Ботагөз Нұрлыбекқызы
Тел:8/7242/262134; +77774558888
Ресми веб-сайт: korkyt.edu.kz
11 маусым 2021 ж. 482 0