Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өңірінің экологиялық проблемасы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Арал өңірінің экологиялық проблемасы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Мөрәліұлы Шәменовтің 70 жасқа толуына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Қазақстандық Арал өңірінің экологиялық-экономикалық проблемалары және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Конференцияға университет профессор – оқытушыларымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Жаханов, экономика ғылымдарының докторы А.Шәменов, Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры А.Кравчук, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биология ғылымдарының докторы Р.Бейсенова, Жалағаш ауданының әкімі А.Шәменов қатысты.
Аталған конференцияның А.Шәменов мерейтойына орай ұйымдастырылып отырғаны кездейсоқ емес. Оның ғалым ретінде ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бері Арал өңірінің экологиялық-экономикалық ахуалын жақсарту бағытында іске асырылған көптеген игілікті шаруада өзіндік қолтаңбасы бар екені қоғамға белгілі.
«Арал апатының трагедиялық салдары ел көлеміндегі және шетелдік ғалымдар мен экологтардың назарын өзіне аударып жүргенін айтып, конференцияның қазақстандық Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық, экологиялық проблемаларын шешу ісіне өз үлесін қосатынына және әр елдің ғалымдарының ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға ықпал ететіне сенімдімін», – деп түйіндеді Атамұрат Шәменов.
Конференцияға қатысқан спикерлер Арал аумағындағы жердің бұзылуы және шөлейітке айналуымен күресудің тиімді әдістерін табу, су ресурстарын мемлекетаралық басқарудың жаңа қағидаларын енгізу аймақтағы экологиялық сынқатерлерге басты жауаптар болып табылатынын атап өтті.
Арал проблемасы әлі көптеген ғылыми конференциялардың мазмұнын айқындай беретіні анық. Конференцияны қорытындылай келе, қатысушылар ғылыми тұжырымдарын, құнды ой-пікірлерін ортаға салып, Арал өңіріндегі эколоиялық және экономикалық ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған зерттеулерді дамытуға өз үлестерін қоса беретінін айтты.


kyzylorda-news.kz
08 қаңтар 2021 ж. 718 0