Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жас отбасыларға кеңес беру жәрмеңкесі өтті

Қызылордада жас отбасыларға кеңес беру жәрмеңкесі өтті

Қызылордада «Жас отбасы – жарқын болашақ» атты кеңес беру жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шарада жаңадан шаңырақ көтерген жұптарға құқықтық, медициналық және медиаторлық қажетті ақпараттар берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Арнайы мамандар қаржылық сауаттылық жөнінде тәжірибесімен бөлісті. Жас отбасылардың пәтер алу мүмкіндіктері жайлы да кеңес берілді. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіп ашудың тетіктері жайында кеңінен әңгіме өрбітілді. Қоғамның қозғаушы күші жастардың тәрбиесі «Жаһандану дәуіріндегі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында талқыланды. Жиында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жаңғырту, рухани-адамгершілік тәрбие беру, ұлттық бірегейлікті сақтауда жастардың көзқарасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тыңдалды. Индустриалды-цифрлық тұрмыс салтына бет бұрған қоғамда қазір отбасылық тәрбие екінші сатыға ысырылып қалғандай. Осы ретте отбасылық құндылықтар мен мәдениетті дамыту үшін бала бойына ерте бастан ұлттық салт-дәстүрлерді сіңіру әдістері конференцияда жан-жақты қаузалды. Кенжехан Матыжанов, филология ғылымдарының докторы: – Қыздарды ана болуға дайындау – қазақтың дәстүрлі тәрбиесінде, халық педагогикасында бұрыннан бар дүние. Соны бүгінгі заманауи тұрғыдан қайтадан қалпына келтіру мәселесі алдыңғы кезекте тұр. 3 жасқа дейінгі тәрбие ананың мәпелеуімен жақсы қалыптасқан болса, келешектегі баланың болашағы кең болады. Оны қазақта «уыз тәрбие, уызына жарыған» дейді. 
https://24.kz/kz
30 мамыр 2019 ж. 1 232 0