Қытайдың Гуанчжоу қаласында коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Портал мәліметінше, қалада күніне 2000 жағдай анықталып жатыр. 19 миллион халқы бар қаланың билігі тұрғындарды мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге шақырды және вирусқа жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр. Гуанчжоудың көптеген аудандарында коронавирустық шектеулер бар. Қытайда өткен тәулікте барлығы 8,8 мың ауру анықталды.
Қытайдың тұрақты комитеті Си Цзиньпиннің "COVID-19 нөл" саясатын ұстануға міндеттенді, деп жазды Deutsche Welle.
"Біз адамдардың өмірі мен денсаулығын барынша қорғаймыз және індеттің экономикалық және әлеуметтік дамуға әсерін барынша азайтамыз", - делінген комитет хабарламасында.Қытайдың коронавирус саясаты әлемдегі ең қатал саясаттардың бірі. Соңғы аптада инфекция шыққан қала мен ауыл тұрғындарына ел астанасы Бейжіңге кіруге тыйым салынды, ал шетелдік қонақтар келгеннен кейін 7-10 күн карантинде болуы керек.