Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем халқының саны сегіз миллиард адамға жақындады

Әлем халқының саны сегіз миллиард адамға жақындады

Әлем халқының саны сегіз миллиард адамға жақындады. Бұл туралы Worldometers.info статистикалық сайтының онлайн есептегішінің мәліметтерінде көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

12 қарашада сағат 11:45-тегі мәлімет бойынша жер бетіндегі халық саны – 7 999 456 070-ден 7 999 456 100-ге дейін.
2011 жылы әлем халқының саны жеті миллиардқа жетті.
Биылғы 15 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 қарашаға қарай әлем халқының саны сегіз миллиардқа жетеді деген болжамын жариялады.
Бұған дейін The Wall Street Journal журналисі ғалымдардың болжамдарына сілтеме жасай отырып, Жер халқының саны 10 миллиард адамға жетпеуі мүмкін екенін атап өтті.
stan.kz
13 қараша 2022 ж. 1 175 0