Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Словенияда жаңа президент сайланды

Словенияда жаңа президент сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наташа Пирц-Мусар Словениядағы президент сайлауыеың екінші турында жеңіске жетті. Партиясыз кандидат 54% дауыс жинады. Демократиялық партия өкілі Андже Логара 46% дауыс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Пирц-Мусарды Словения премьер-министрі Роберт Голоб құттықтады. Ол бұл жеңісті азаматтардың «демократияның негізгі элементтері құрметтелетін» елде өмір сүргісі келетіндігінің дәлелі деп атады.

inform.kz
14 қараша 2022 ж. 1 172 0