Тәжікстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды
Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон президент сайлауында жеңіске жетті , – деп хабарлайды ria.ru.
Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92 дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39 пайызға жеткен.
Еске салайық, кеше Тәжікстанда президент сайлауы басталғаны хабарланған болатын. Сайлауға бес кандидат қатысқан еді, олардың барлығы саяси күштердің жетекшілері: қазіргі президент Эмомали Рахмон (Халықтық-демократиялық партияның басқарушысы), депутат Миродж Абдуллоев (Коммунистік партия), депутат Рустам Латифзода (аграрлық партия), депутат Рустам Рахматзода (Экономикалық реформа партиясы) және депутат Абдухалим Гаффорзода (Социалистік партия).
Елді 1992 жылдан бері басқарған Рахмон үшін (посткеңестік кеңістіктегі ең ұзақ) бұл бесінші сайлау болатын.