Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыстанбұлда тағы жарылыс болды

Ыстанбұлда тағы жарылыс болды

Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды. Бірнеше көлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Mynet порталына сілтеме жасап.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы осы уақытқа дейін мәлімет түскен жоқ.
Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге машинаға ауысты. Оқиға Ыстанбұлдың негізгі көрікті орындары – Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды.
Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.
 Бұған дейін 13 қарашада Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды. 14 қарашада жарылыс жасады деген күдікті ұсталғаны мәлімделді.
16 қараша 2022 ж. 1 318 0