Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Испанияда екі пойыз соқтығысып қалды

Испанияда екі пойыз соқтығысып қалды

Сәрсенбі күні Испанияның Барселона провинциясында екі пойыз соқтығысып, 150-ден астам жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Испания темір жолдары» Ренфе компаниясының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша 07:50 шамасында Барселона қаласына бет алған пойыз жүк пойызына соқтығысқан. Зардап шеккен жолаушылар вагондардан эвакуацияланды.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дереу оқиға орнына шықты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың бесеуі ауыр жарақат алған, үшеуі ауруханаға жеткізілген, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Апат Барселонаның қала маңындағы темір жолының кейбір желілерінде пойыздар қозғалысының тоқтатылуына әкелді. Оқиғаның себептері әлі зерттелмей жатыр.
08 желтоқсан 2022 ж. 423 0