Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДЫҚТАР АРЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН БІРГЕ

АРАЛДЫҚТАР АРЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН БІРГЕ

Күні кеше Түркістан облысы, Арыс қаласында тіркелген төтенше жағдайға байланысты, «Ақтөбе-Жамбыл» облысы бағытындағы темір жол пойыздарының жол жүру кестесінде өзгерістер орын алған болатын. Осыған орай, Арал ауданына қарасты Сексеуіл вокзалына келіп тоқтаған 4 пойыз жолаушыларына қолдау көрсету шаралары үздіксіз жалғасуда.Атап айтқанда, түнгі мезгілде Сексеуіл станциясында кідірген 98 жолаушы тамақпен қамтамасыз етіліп, жатын орындар ұсынылды. Осылайша жолаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.08 шамасында келген № 22«Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызына орналастырылды. Сондай-ақ, жолаушылар арасында жол ақысы жоқ 42 азаматқа кент тұрғындары тарапынан қаржылай көмектер жасалды.Сонымен қатар, бүгін сағат 10.48 минут шамасында келген № 380 «Орал-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан барлығы 320-ға жуық жолаушылар Сексеуіл кентінің темір жол вокзалынан түсіп, №22«Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының бастапқы 8 вагонына барлығы 420 жолаушы (оның ішінде 72 балалар) жайғастырылып, сағат 12.05 шамасында «Сексеуіл-Қызылорда» бағытына жолға шықты.
Ал, № 380 «Орал-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бағыты «Сексеуіл-Жезқазған» бағытына өзгертіліп сағат 11.56 минут шамасында жөнелтілді. 
26 маусым 2019 ж. 1 149 0