Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та пойыз аударылып, 50-ден астам адам зардап шекті

АҚШ-та пойыз аударылып, 50-ден астам адам зардап шекті

АҚШ-тың Монтана штатында пойыз рельстен шығып кетіп, 50-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ-тың Amtrak теміржол жолаушылар компаниясы пойыз Монтанадағы Джоплин елді мекенінің жанында рельстен шығып кеткенін хабарлады. Апат кезінде пойыз ішінде шамамен 150 жолаушы мен 13 қызметкер болғаны айтылды. CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасап, үш адам қаза тапқаны туралы мәлімдеді.

Хилл округінің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Аманда Фриккельдің айтуынша, 50 адам жарақат алып, кем дегенде бір адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі оқиға орнына алты ауданның құтқарушылары барғанын атап өтті.

«Тірі қалғандардың бәрі апат болған жерден шығарылды», деді Фрикел New York Times газетіне.

Апат болған жерде медициналық тікұшақтар бар, зардап шеккендерді бес аурухана қабылдауға дайын, деп қосты ол.

26 қыркүйек 2021 ж. 534 0