Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады

Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады

Төтенше жағдай салдарынан "Астана-Маңғыстау" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы кешіктірілді.Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Әулиекөл ауданында екі вагон рельстен шығып кеткен. 
"Сағат 06.45-те Қазанбасы стансасында екі вагон (саны анықталып жатыр) рельстен шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Құрамада 53 вагон болған, барлығына қиыршық тас тиелген", — деп жазылған ТЖД хабарламасында. 
Костанайские Новости сайты апат салдарынан  "Астана-Маңғышлақ" бағытында қатынайтын № 37 жолаушылар пойызы кешіктірілгенін хабарлады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын Қазанбасы стансасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.

sputniknews.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 1 078 0