Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сынған аяғынан сүйегі көрініп тұрды – Шуда аударылған пойыздың жолаушысы

Сынған аяғынан сүйегі көрініп тұрды – Шуда аударылған пойыздың жолаушысы

Екі аяғын сындырып алған Әліби Байжановтың әйелі пойыз апаты туралы айтып берді.
Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан зардап шеккен жолаушының әйелі Sputnik-ке апат кезінде вагонда не болғанын және күйеуі Әліби Байжанов екі аяғын қалай сындырып алғанын айтып берді.   
Айгүл Кәрімованың айтуынша, олар аударылған вагондардың бірінен екі бүйір орынға билет алған.  
"Біз Астанадан Алматыға бара жатыр едік. 14-ші вагонда болдық. Мен бүйір орында отырдым, күйеуім жанымда отырған. Ұйқыдан тұрып, шай ішіп жатқанбыз. Сағат бірге таяп қалған уақыт. Бір кезде пойыз теңселіп, аударыла бастады… Бірден бір жерден ұстап қалу керек деген ой келді. Пойыз құлап бара жатқанын түсіндім. Ал күйеуім менен ұстамақ болды. Өйткені бүйір жақ болғандықтан оның қолына ештеңе іліне қоймаған", — деді ол Sputnik-ке берген сұхбатында.
Әйелдің айтуынша, пойыз аударылғаннан кейін олардың екі орны да жоғарыда қалған.   

sputniknews.kz
18 маусым 2018 ж. 1 515 0