Белоруссиядағы Добрушский ауданында құлаққап киген оқушыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды БЕЛТА.
Гомель облыстық атқару комитеті ІІБ ресми өкілі Виталий Пристромовтың айтуынша, келеңсіз жағдай 25 сәуірде 8.00-де Носовичи станциясынан небәрі 30 метр қашықтықта болған. «Теміржолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмаған 2002 жылы туған баланы жүк пойызы қағып кетті. Ауыр жарақаттанған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жасөспірім - Добрушский ауданының тұрғыны»,-деді Виталий Пристромов.
inform.kz