Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде зауыт өртенді

Ресейде зауыт өртенді

Ресейдің Барнаул қаласында орналасқан кәсіпорынның өндірістік ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді қамтыған. Төтенше жағдай Алтай резеңке дөңгелектерін (шина) шығаратын зауыт аумағында болған.

Өртті сөндіруге 110 адам, 33 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар үш жұмысшыны қауіпті аймақтан шығарды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі белгісіз. Оны өрт зертханасының мамандары анықтап жатыр.
09 желтоқсан 2022 ж. 480 0