Құрманғазының домбырасы Түркияда таныстырылды

Ләззат Сағындықова, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры:
- Көрменің негізгі мақсаты түбі бір түркі халықтарының музыкалық мәдениетін таныту, насихаттау. Түркия жұртшылығы біздің Ыстамбұл қаласында ұйымдастырып отырған көрмемізге өте қызығушылық танытып отыр. Ұлттық аспаптар бұл Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейінің қорында сақталған бірегей аспаптар.
Асуман Айдоғмуш, Ыстамбұл қаласы Бақыркөй аудандық театр департаментінің директоры:
- Бүгінгі көрме тамаша өтті. Біздің мәдениетіміз бір, тарихымыз бір. Сондықтан дәл осындай көрменің біздің ауданда өткізіліп отырғанына өте қуаныштымын. Бір байқағаным ұлттық музыка аспаптарымыз ұқсас екен. Бұл да бауырластықтың бір белгісі.
24.kz