Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Актер Вахтанг Кикабидзе 85 жасында қайтыс болды

Актер Вахтанг Кикабидзе 85 жасында қайтыс болды

Актер Вахтанг Кикабидзе 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы грузиндік Mtavari Arkhi телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның соңғы жылдары ауыр науқасқа шалдыққаны белгілі болды.

Кикабидзе 1938 жылы Тбилисиде дүниеге келген. 1966 жылы «Орера» ансамбліне (ұрмалы аспаптар, вокал) кірген. Сол 1966 жылы ол «Таудағы кездесу» фильмінде дебют жасады, ал бір жылдан кейін Джордж Данэлияның «Жылама» фильмінде басты рөлді сомдады. Ол осы фильм арқылы Картахена халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесін алды. Келесі көрнекті фильм «Верийский кварталының әуендері» картинасы болды. 1977 жылы «Мимино» фильмі жарыққа шықты, онда актер ұшқыш Валентин Мизандари рөлін сомдады.

adyrna.kz
16 қаңтар 2023 ж. 512 0