Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда жер сілкінісі тіркелді

Тәжікстанда жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 685 км жерде орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сейсмологтардың айтуынша, жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 06:01-де болған. Қазақстан аумағында ауытқулар сезілмеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7.
MPV магнитудасы 4.8.
Эпицентрдің координаттары 37.56° С. Е. 73.63° ш. б.
Тереңдігі – 10 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Бұған дейін, Алматы бойынша сағат 01:36-да жер асты дүмпулері Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 470 км жерде Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.
28 ақпан 2023 ж. 602 0