Индонезияда жер сілкінісі болды

Мұндай мәліметті Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігі (BMKG) жариялады.
Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Тубан-Джатим қаласынан солтүстік-батысқа қарай 68 шақырым жерде болған.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 16.55-те болды, тереңдігі 632 шақырымды құрады, - делінген ведомствоның Twitter-дегі парақшасында.
Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Сейсмологтардың айтуынша, цунами ықтималдығы жоқ, бірақ жер сілкінісі мен афтер сілкінісі болуы мүмкін.