Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда ауруханада өрт шығып, 21 адам қаза тапты

Қытайда ауруханада өрт шығып, 21 адам қаза тапты

Бейжің ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт 18 сәуір 13:00 шамасында басталған.

Өрт Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінен шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

71 науқас эвакуацияланған. Қазір 21 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
19 сәуір 2023 ж. 253 0