Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі болды

Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі 23 сәуірде Индонезияның Кепулауан Бату архипелагы маңында екі рет тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтының жазуынша, Алғашқы дүмпу таңертең тіркелген, оның магнитудасы 6,1 балл болды. Араға бірнеше сағат салып, 5,8 баллдық дүмпу сезілген. Жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.

Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені – Танахбала.
24 сәуір 2023 ж. 530 0