Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

Биыл жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия чемпионаты араға жеті жыл салып елімізде қайта өткелі жатыр. Алдыңғы чемпионат 2016 жылы Павлодар қаласында болған. Азия бокс конфедерациясы биылғы Азия чемпионаты 14-30 шілде аралығында Астана қаласында өтетінін мәлімдеді.

«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты туралы барлық ақпарат, команда делегациясы тізімі, өтінім үлгісі мен кестесі ұлттық федерациялар үшін жақын арада дайын болады. Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды», делінген ASBC хабарламасында.
04 мамыр 2023 ж. 613 0