Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан Конституция күнін атап өтіп жатыр

Қырғызстан Конституция күнін атап өтіп жатыр

Қырғызстанда Қырғыз Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толу күні мерекеленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1993 жылғы 5 мамырда Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІІ сессиясында Қырғыз Республикасы елінің бірінші Конституциясы қабылданды. Негізгі заң жобасын «аты аңызға айналған парламент» дайындап, екі жыл талқылады.

Атаулы датаға орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ел халқына құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі Қырғызстанда ел бірлігінің, мемлекет тәуелсіздігі мен тұтастығының, ондағы қоғамның дамуының негізі - оның Конституциясы екенін атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарында Қырғызстан Республикасының негізгі заңы бірнеше рет жетілдіріліп, жаңартылды. 1993 жылдан 2016 жылға дейін мемлекеттік билік институттары – Президент, Жогорку Кенеш және Қырғыз Республикасы Үкіметінің өкілеттіктері мен функцияларына қатысты саяси және конституциялық-құқықтық мәселелерге қатысты мәселелерді шешу мақсатында 9 конституциялық реформа жүргізілді.

Қырғызстан Республикасының Конституциялық Кеңесі әзірлеген қазіргі Конституция 2021 жылғы сәуірдегі референдум қорытындысы бойынша қабылданған.

06 мамыр 2023 ж. 502 0