Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Швейцарияда тау қозғалуы мүмкін

Швейцарияда тау қозғалуы мүмкін

Швейцариядағы Граубюнден ауылының тұрғындары шұғыл көшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Таулы өңірде орналасқан осы елді мекенге таудан тас құлауы мүмкін. Мұнда 100 шақты адам тұрады. Құтқарушылардың хабарлауынша, тау жыныстарының қозғалысы кейінгі кезде үдей түскен. Болжам бойынша алдағы 2-3 аптада тау көшіп, 2 млн текше метрдей жер жылыстауы мүмкін. Мамандар бұл климаттың өзгеруінің салдары дейді.
12 мамыр 2023 ж. 207 0