Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
60 миллион 721 мың 745 сайлаушыға 191 мыңнан астам жәшік орнатылды. Жалпыұлттық дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады.
Сайлаушылар Халық Одағы президенттігіне үміткер Режеп Тайып Ердоған мен Ұлттар альянсының кандидаты Кемал Кылычдароглу арасында таңдау жасайды.
14 мамырда президент сайлауының бірінші кезеңі өтті. Ол кезде дауыс санау нәтижесі бойынша бірде-бір кандидат 50% дауыс жинай алмады. Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,5% дауыс жинады, оның сайлаудағы басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу 45%-дан аз дауыс жинаған еді.