Режеп Тайип Ердоған президент сайлауында жеңіске жетті

Түркияның жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының нәтижесін жариялады. Қорытынды бойынша Режеп Тайип Ердоған 52,16 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Ал Кемал Кылычтароғлыға сайлаушылардың 47,84 пайызы дауыс берген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін жеңісімен құттықтады.