Индонезияда жер сілкінді
![](/uploads/posts/2023-06/1685956354_9.jpg)
"Анадолу" агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығы тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы 40 мыңға жуық тұрғыны бар Туала қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 282 шақырымда орналасқан. Ошақ 112 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Белгілі болғандай, цунами қатеріне қатысты ақпарат жарияланбады.