Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияның Эгей аймағында 28 орман өрті шыққан

Түркияның Эгей аймағында 28 орман өрті шыққан

Түркияның Эгей аймағының Мұғла провинциясында соңғы үш аптада 28 орман өрті шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес аймақта үздіксіз жауған жаңбыр салдарынан соңғы үш аптада 28 найзағай өрті сөндірілген.

Мұғла орман шаруашылығының аймақтық директоры Сәлім Қарабұлұт найзағайдан туындаған өрттердің негізінен жаз айларында жаңбырлы ауа-райында көлік жүрмейтін жерлерде болатынын атап өтті.

Найзағай тудырған өрттер бір ағаштан басталып, уақыт өте келе таралады. Мұндай жағдайларда біздің ұжым тасжолдан кіру мүмкіндігі бар нүктелерге өрт сөндіретін көліктердің көмегімен тоқтатуға тырысады. Ал қатынау мүмкіндігі жоқ жерлерде шыққан өрттер кезінде ұшақтардың көмегіне жүгінуге тура келеді, - деді ол.
14 маусым 2023 ж. 174 0