Канадада автобус жол апатына түсіп, 15 адам мерт болды

Оқиға орнына санитарлық авиация мен 12 жедел-жәрдем көлігі шұғыл жетті. Қариялардың көбі Манитоба провинциясының Дофин қаласы мен басқа да жақын маңдағы аудан тұрғындары.
CNN хабарлауынша, автобус Карберри қаласының іргесінде орналасқан казиноға бара жатқан. Ресми тұлғалардың сөзінше, екі жүргізушіні қосқанда жараланған 10 адам ауруханаға жеткізілді. Канадада мұндай көп адаммен жол апаты 2018 жылы болды. Ол кезде Humboldt Broncos жасөспірімдер хоккей командасы мінген автобус тіркемесі бар жүк көлігімен соқтығысып, 16 адам қаза тапқан еді.