Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексика шығанағында мұнай-газ платформасы өртеніп жатыр

Мексика шығанағында мұнай-газ платформасы өртеніп жатыр

Мексика шығанағында Pemex мұнай-газ платформасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Компанияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, Мексика шығанағында Мексиканың Pemex мұнай-газ корпорациясының платформасында өрт салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі із-түзсіз жоғалып кеткен.

    Pemex-те қауіпсіздікке басымдық беріледі. Алдын ала мәлімет бойынша, Нохоч-А платформасындағы таңғы өрт салдарынан Pemex компаниясының бірде-бір қызметкері із-түссіз жоғалып кеткен жоқ. Өкінішке қарай, компанияда жұмыс істеген екі адам қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалды, - деп хабарланды компанияның Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін компанияның баспасөз қызметі Мексика шығанағындағы мексикалық Pemex мұнай-газ корпорациясының платформаларында өрт шығып, алты адамның зардап шеккенін хабарлаған. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор оффшорлық платформадағы оқиға салдарынан үш-төрт адам із-түзсіз жоғалғанын айтқан. Pemex бұл ақпаратты растамады, бірақ 328 қызметкердің 321-і платформалардан эвакуацияланғанын айтты.

Жұма күні Tribuna Campeche Мексика шығанағындағы Campeche оффшорлық Pemex мұнай-газ корпорациясының теңіз платформасында жарылыс пен алапат өрт басталғанын хабарлады.

08 шілде 2023 ж. 182 0