Мексикада қораздар жекпе-жегі кезінде 20 адам қаза тапты

Лас-Тинахисте жергілікті "Жаңа Халиско ұрпағының картелі" есірткі саудасын бақылау үшін бандалармен күресіп келген.
Мексика полициясы 19 мәйіт табылғанын мәлімдеген. Олардың 16-сы ер адамдар, 3-і әйелдер. Барлығы оқ жарақатынан мерт болған. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қазір полицейлер оқиға орнында болған 15 көлікті тәркіледі.
"Мұнда екі топ арасында атыс болған", – деді Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор.
Мексика әскері мен ұлттық гвардия сарбаздары шабуыл жасағандарды табу үшін жұмылдырылған. Әзірге олардың қай қылмыстық топтан екені белгісіз.
Қораздар жекпе-жегіне Мексиканың көптеген аудандарында тыйым салынғанымен, тұрғындар уақыт өткізу үшін жиі жиналады екен және жасырын түрде ұйымдастырылады.