Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы жол апаты: тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмды

Түркиядағы жол апаты: тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық турист ауруханада көз жұмғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Апаттан зардап шеккен тағы бір әйел кеше түнде Алания мемлекеттік ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия дәрігерлерінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

«Қазіргі уақытта марқұмның туыстары ауруханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттар рәсімделген соң мәйіт Қазақстанға жөнелтіледі», деп хабарлады ҚР СІМ.

Бұған дейін оқыс оқиға салдарынан қаза тапқан тағы бір қазақстандықтың денесі елге жеткізілді.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде Аланияда 12 Қазақстан азаматы мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. Экскурсиялық фургонның жүргізушісі мен экскурсовод оқиға орнында көз жұмды. Ауруханаға Қазақстан Республикасының 11 азаматы түсті, кейін олардың біреуі (Маңғыстау қаласының 49 жастағы тұрғыны) қайтыс болды.
03 тамыз 2023 ж. 318 0