Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иранда аптап ыстыққа байланысты екі күн демалыс жарияланды

Иранда аптап ыстыққа байланысты екі күн демалыс жарияланды

Сәрсенбі күні елдегі аптап ыстыққа байланысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екі күндік демалыс жарияланды. Бұл туралы Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Чехроми әлеуметтік желідегі парқшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Иран мемлекеті сәрсенбі күні кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді екі күнге демалысқа жіберді. Бұған аптап ыстық себеп болды. Елде 40 градус және одан жоғары ауа температурасы тіркелді.

Елдің Денсаулық сақтау министрі аптап ыстық халық денсаулығына кері әсер ететінін ескертті.

«Министрлер Кеңесі Денсаулық сақтау министрлігінің осы күндері бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында еліміздің барлық аумағында сәрсенбі және бейсенбі күндері демалу туралы ұсынысын қабылдады», деп жазды Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Джахроми.

Айта кетейік, ертең Иранның оңтүстік-батысындағы кейбір қалаларда ауа температурасы 51 градусқа жетеді деп болжанып отыр. Ел астанасы Тегеранда 40 градус ыстық болуы мүмкін.
03 тамыз 2023 ж. 219 0