Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 23-ке жетті

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 23-ке жетті

Оңтүстік Кореяда осы жазда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 23-ке жетті. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Кореяның Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің сөзінше, 20 мамырдан шілденің соңына дейін ыстыққа байланысты аурулардан 21 адам қайтыс болса, сейсенбі күні тағы екі адамның өлімі тіркелді.

Қаза тапқандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 243 шақырым жердегі Йончхонда 70 жастағы фермер күн астында жұмыс істеп, естен танып қайтыс болды. Тағы бір 80 жастағы фермер Сеулден 217 шақырым жердегі Чоныпте далада жұмыс істеп жүріп, дене қызуы көтерілген. Оны ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қала алмады.

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауындағы қалпына келтірілген Сэмангым аймағында өтіп жатқан скауттардың 25-ші Дүниежүзілік слетінде аптап ыстыққа байланысты 400 адамның сырқаттанғаны айтылды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік іс-шараға 158 елдің 43 000-ға жуық жас скауты қатысып жатыр.

Жақында үкімет төрт жыл ішінде алғаш рет ыстық туралы ескерту дәрежесін төрт кезеңді жүйенің ең жоғарғысына дейін көтерді.

Мұндай қауіп деңгейі күндізгі температура елдің көп бөлігінде 35 градус және одан да жоғары болғанда енгізіледі. Ал Кореяда үш күннен бері ауа температурасы 38 С-тан түспей тұр.
03 тамыз 2023 ж. 196 0