Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сеулдегі Хэллоуин: Оңтүстік Корея билігі тергеуді бастады

Сеулдегі Хэллоуин: Оңтүстік Корея билігі тергеуді бастады

Оңтүстік Корея билігі Хэллоуин мерекесі кезінде болған оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Дак Су 31 қазанда ел тарихындағы ең ауыр апаттардың бірі - Сеулде 150-ден аса адамның өмірін қиған Хэллоуиндегі оқиғаны мұқият тексеруге уәде берді. Оңтүстік Кореяда аза тұту аптасы басталды.
Ресми өкілдердің айтуынша, бір түнде қаза тапқандар саны 154-ке жеткен, 149-ы жараланып, 33-і ауыр жағдайда. Қаза тапқандар арасында кемінде жиырма елдің азаматтары бар.
"Үкімет бұл қайғылы оқиғаның себептерін мұқият тексереді және мұндай жағдай қайталанбауы үшін қажетті институционал өзгерістерді енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Біз қаза тапқандардың отбасы пікіріне құлақ асып, қажетті қолдау көрсетуге бар күшімізді саламыз", - деді премьер-министр Хан Дак Су.
Ұлттық аза тұту мерзімін жариялап, Итхэвонды апат аймағы деп жариялаған президент Юн Сок Ель дүйсенбі күні Сеул қалалық әкімшілігі жанындағы мемориалдық алтарьға барып, құрбандарға тағзым етті.
Еске салайық, мыңдаған адам сенбі, 29 қазанда Сеулдің әйгілі Итхэвон ауданына кейінгі үш жылдағы алғашқы Хэллоуин мерекесін тойлауға жиналды. Адамдар жиналғанда хаос басталып, адамдар есінен танып қала бастаған.
Сеул қаласының жедел штабы мен полициясы мәліметінше, Итхэвон аймағындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы да бар.
kaz.tengrinews.kz​​​
01 қараша 2022 ж. 826 0