Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропада аптап ыстық басылмай тұр

Еуропада аптап ыстық басылмай тұр

Синоптиктер Еуропаның оңтүстігінде аномальды ыстық әлі де жалғасады деп болжап отыр. Ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 40 градусқа дейін көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Жерорта теңізі жағалауындағы биылғы жаздағы ең ыстық ауа райы.

BBC мәліметінше, «Цербер» деп аталатын аптап ыстықтың толқыны Испания, Франция, Италия, Грекия, Хорватия және Түркияның бөліктерін қамтиды. Ауа температурасы 40°C, ал Италияның кей жерлерінде 48.8°C дейін көтеріледі.

Алдағы күндері көптеген жерлерде ауа температурасы максимум деңгейге көтерілуі мүмкін.

Италияның он қаласында, оның ішінде Рим мен Флоренцияда аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды.

Елдегі төтенше ыстық жанама түрде бір адамның өліміне себеп болған. Милан түбіндегі Лоди қаласында 44 жастағы жұмысшы күннің ыстығынан есінен танып қалып, ауруханада қайтыс болған.

Сондай-ақ, аптап ыстыққа байланысты бірнеше туристің талып қалғаны туралы хабар бар.

15 шілде 2023 ж. 316 0